Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Бекир Боздағ 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

923393
Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Зәйтүн бұтағы операциясында қазірге дейін операция аймағының жартысына таяуының бақылау астына алынғанын айтты.

Бекир Боздағ Министрлер Кеңесі жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

Операция аймағының жартысына таяуының Түрік Қарулы Күштері тарапынан бақылау астына алынғанын білдірген Боздағ «Зәйтүн операциясы арқылы осы таңға дейін 112-сі ауыл, 30-ы маңызды түйін болып, жиыны 142 аймақ бақылау астына алынды» деді.

Қазірге дейін залалсыздандырылған террорист санының болса 2795 екенін баяндаған Боздағ операцияның жоспарланғандай жалғасқанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар