Түркия Германиядан Салих Мүслимді ұстап беруін талап етті

Түркия террор ұйымы PYD/PKK-ның тең төрағасы Салих Мүслимнің қайтарылуын Германиядан ресми түрде талап етті.

923110
Түркия Германиядан Салих Мүслимді ұстап беруін талап етті

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Анкара 4-ші Қылмыстық сотының 2016 жылы 13 наурыз күні Анкараның Қызылай ауданындағы Гүвенпарк автобус аялдамасында бомба тиелген көлікпен жасалған және 36 адам қаза тауып, 349 адам жарақат алған террор шабуылының күдіктілерінің бірі ретінде Мүслимді ұстап беру туралы Әділет министрлігі тарапынан Халықаралық құқық пен сыртқы қатынастар Бас директорлығы арқылы хат жазылуы шешімін неміс лауазымдыларға жеткізді.

Неміс лауазымдыларға жұма күні өздеріне жеткізілген сот шешімінде Мүслимді ұстап беру талабы орын алады.

Чехияның бас қаласы Прагада тергеуге алынған соң 27 ақпан күні сот тарапынан босатылған Салих Мүслим алдынғы күні Германияның бас қаласы Берлинде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK жақтаушылары тарапынан ұйымдастырылған митингке қатысып, баяндамалар жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар