Террор ұйымы PYD/YPG-нің қару қоймасы Чехия

PYD-YPG-нің басшыларының бірі Салих Мүслимді қорғауға алған Чехия Түркияны нысанаға алған қарулардың да шыққан жері.

920790
Террор ұйымы PYD/YPG-нің қару қоймасы Чехия

Бөлшектеуші террор ұйымы  PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-нің қару қоймасы Чехия Республикасы.

Америка Құрама Штаттары PKK/PYD-YPG-ге берген қарулардың маңызды бөлімін Чехиядан қамтамасыз етеді.

Ауғанстан Түрік қызмет күшінің бұрынғы қолбасшысы отставкадағы полковник Хайдар Атеш Чехиядағы соңғы жаңалықтарды Йени шафак газетіне бағалады.

Атеш АҚШ-тың Варшава келісімі мүшесі елдерден жинаған қаруларды алдымен Болгария мен Румыниядағы АҚШ базаларына сол жерден де Сирия Хасекедегі террор қоймаларына жібергенін атап көрсетті.

Орталығы Прагадағы қару саудасының жылына 70-80 миллиард долларлық бюджеттерге ұласқанына назар аударған отставкадағы полковник Прагада құрылған қару биржасының соңғы 5 жылдық кезеңіндегі ең маңызды тұтынушысының АҚШ екенін атап көрсетті.

«АҚШ қаруды кімге бергенін жақсы біледі және алдағы уақытта PKK-ға өткізілген қаруларға жауап беретінін де назарға алып, өз инвентарында болған қаруларды PKK-ға беруге қорқады» деген Атеш АҚШ-тық лауазымдылардың бұл себептен ұйымға басқа елдерге тіркеулі қаруларды жолдауды таңдағанын, заңсыз қару саудасында алаңда қызмет еткен саяси және әскери лауазымдылардың болса бұл жұмыстың арқасында жеке байлықтарын арттырғанын атап көрсетті.

Түркияның 2018 жылы 13 ақпан күні қызыл бюллетенмен іздеу салынғандар тізіміне қосқан террор ұйымы басшысы Салих Мүслим 25 ақпан жексенбі күні Чехияның бас қаласы Прагада тергеуге алынған болатын. Сот отырысында еркін жіберілген Салих Мүслимнің Прагада қару саудагерлерімен бас қосқаны алға тартылады.

PYD-YPG террор ұйымы құрамында шетелдік жауынгер ретінде құрылған топта 40-тан астам Чехия азаматы бар екені білдірілді.

PKK қатарына қосылу мақсатты Иракқа өтуге тырысқан Маркета Вселисхова мен Мирослав Фаркас атты 2 Чехия азаматы 2016 жылы Шырнакта ұсталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар