Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Йылдырым Әділет және даму партиясының ТҰҰМ-дегі топтық жиналысында сөз сөйледі.

919358
Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда

Йылдырым Әділет және даму партиясының ТҰҰМ-дегі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Африндегі Зәйтүн бұтағы операциясының мақсатының бейуаз халықты террор ұйымынан құтқару болғанын айтты.

Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Йылдырым баяндамасында Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

Операцияда 39 күннің артта қалғанын, операцияның әуеден және құрлықтан табанды түрде жалғасқанын түсіндірген Йылдырым «Африн маңында қауіпсіздік жағдай орнатылды. Шекара аймақтарын террор қысымынан құтқардық. Қазір операция табанды түрде жалғасуда» деді.

Йылдырым Біріккен Ұлттар Ұйымының Башар Асад режимінің қысымы астындағы Шығыс Гута аймағында сенбі күні 30 мерзіммен атысты доғарудың жариялануына да тоқталды.

Бинали Йылдырым «Қазір Шығыс Гутада бір адамдық трагедия бар. БҰҰ-ның атысты доғару шешіміне қарамастан Шығыс Гутаға шабуыл қайтадан басталды» деді.



Ұқсас жаңалықтар