Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 1 әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштері Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 1 әскердің шәйіт болғанын мәлімдеді.

917789
Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 1 әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында жүргізген Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 1 әскер шәйіт болды.

Түрік қарулы күштерінің мәлімдемесінде Африн аймағындағы террор нысаналарына кеше жасалған операцияда бір әскер шәйіт болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Біздерді қатты қайғыртқан шабуылда жанын пида еткен шәйітімізге Алладан рақымшылық, шәйіттің қайғылы отбасы мен Түрік қарулы күштері және ұлы түрік ұлтына көңіл айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар