Операция әуеден және құрлықтан жалғасуда
Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 1873-ке ұласты.
Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 1873-ке ұласты.
Түрік Қарулы Күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 1873-ке ұласты.
Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда операция аясында террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшесі террористтерге бағытталған құрлық пен әуе операциялары жалғасуда.
Мәлімдемеде операцияның 20 қаңтар күні басталғаны, залалсыздандырылған террорист санының болса 1 мың 873-ке ұласқанын атап көрсетті.
Операция әуеден және құрлықтан жалғасуда.
Енді бір жағынан Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Афринннің оңтүстік-батысындағы Телль-Дилур ауылын террористтерден құтқарды.
Осылайша Түрік қарулы күштері мен операцияларға қолдау берген Еркін Сирия армиясы күштері операция басталған күннен осы таңға дейін Африннің 5 ауданында біреуі аудан орталығы, 69 ауыл, 6 ауыл маңы тұрғын аймағы, 20-сі стратегиялық тау мен төбе және YPG/PKK-ның базасы барлығы 96 жерді азат етті.
Ұқсас жаңалықтар
PKK-лық 5 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі операциямен байланысты мәлімдеме жасады.