Ердоған Руханимен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлесті.

913900
Ердоған Руханимен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімелерінде екі лидер Африн және Идлиб тақырыбы, Сириядағы соңғы оқиғалар жөнінде пікір алмасты.

Ердоған мен Рухани террор ұйымдарына қарсы күресуде ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда президент Ердоған Руханиге Түрік Қарулы Күштерінің Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операцияларына байланысты мағлұмат берді. Кездесуде екі лидер Сирия мәселесіне шешім табуға байланыста талпыныстар аясындағы Астана процесі және Сочи саммитін де қолға алды.

Президент Ердоған Иранның оңтүстігінде ұшақ апатында қайтыс болғандар үшін Хасан Руханиге және барша Иран халқына көңіл айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар