Тұңғыш отандық 'MPT-76' автоматы түрік армиясына жіберілді

«MPT-76» типі тұңғыш отандық автомат қарудың 4 мың 500 данасын Құрлық күштері қолбасшылығына жіберді.

908999
Тұңғыш отандық 'MPT-76' автоматы түрік армиясына жіберілді

Түркия Машина және химия индустриясы мекемесі (MKEK) Кырыккале қару-жарақ зауытында өндірген «MPT-76» типі тұңғыш отандық автомат қарудың 4 мың 500 данасын Құрлық күштері қолбасшылығына жіберді.

Мекеменің қару зауытында ұйымдастырылған рәсімде сөйлеген Кырыккале губернаторы Мехмет Илкер Хактанкачмаз «Түркия үшін мақтанышты бір күн. Иншаллах қорғаныс өнеркәсібіміз 100 пайыз отандық және ұлттық марка нысанасына қол жеткізеді. Бұл бағытта сенімді түрде қадамдар басудамыз» деді.

Зауыттың директоры Мехмет Оджакчыоғлу болса қазір фабриканың ең ауқымды және жоғары мөлшерде қару өндірілгенін атап көрсетті.

Өндірісі аяқталған 4 мың 500 дана MPT-76 автоматын Құрлық Күштері Қолбасшылығына тапсыру үшін дұғалармен шығарып салатындарын түсіндірген Оджакчыоғлу «Қазіргі 4 мың 500 тапсырысты қосқанда, барлығы 11 мың қару өндіріп жеткіздік. Наурыз айының соңдарында 5 мың, сәуір немесе мамыр айларында тағы 4 мың данасын өткізбекпіз. Жалпы 20 мың MPT-76 автомат қаруын өндіру тапсырысын мұнымен орындаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар