Сыртқы істер министрі Кувейтте

Чавушоғлу Ирак және Кувейт Сыртқы істер министрлерімен кездесті.

909454
Сыртқы істер министрі Кувейтте

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «ДАИШ-пен күрес халықаралық коалициясының Сыртқы істер министрлер жиналысы» және «Ирактың қайтадан құрылуы халықаралық конференциясына» қатысу мақсатымен Кувейтте.

Министр осында Кувейт премьер-министрінің бірінші орынбасары және Сыртқы істер министрі Сабах әл-Халил әл-Хамад әс-Сабах және Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Джаферимен кездесті.

Чавушоғлу-Джафери кездесуінде екі жақты және өңірлік мәселелермен қатар Ирактың қайта құрылуына байланысты көзқарас алмасылды.

Министр Ирак Сыртқы істер министріне Түркияның Иракқа деген қолдауын қайталап айтты.

Чавушоғлуның Кувейт Сыртқы істер министрімен кездесінде болса екі елдің қарым-қатынастарын дамыту үшін келісілді.



Ұқсас жаңалықтар