Гамбия президенті келеді

Гамбия президенті Адама Берроу Түркияға мемлекеттік сапармен келеді.

908766
Гамбия президенті келеді

Гамбия президенті Адама Берроу президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 14 ақпан күні Түркияға мемлекеттік сапармен келеді.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  мемлекеттік сапар аясында Ердоған мен Берроу арасында оңаша кездесу өткізіледі,  артынан делегация аралық кездесу болады.

Түркия мен Гамбия арасындағы екі жақты қатынастар жан-жақты қолға алынатын сапарда өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар жөнінде көзқарас алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар