Түркиядан НАТО-ға брифинг

Түрік делегациясы Зәйтүн бұтағы операциясы жайлы баяндап берді.

906376
Түркиядан НАТО-ға брифинг

Сейсенбі күні Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен Кезектен тыс НАТО Кеңесі жиналысына Түркия атынан НАТО тұрақты өкілі Фатих Джейлан, Сыртқы істер министрлігі кеңесшісінің орынбасарлары мен генерал деңгейінде әскери делегация қатысты.

НАТО-дан алынған мәліметке қарағанда,  Анкара Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында террористтерді жою, дос және бауырлас аймақ халқын зұлымдықтан құтқару үшін бастаған Зәйтүн бұтағы операциясының табысты түрде жалғасып жатқанын білдірді. Операцияның БҰҰ келісімінің 51-ші бабына орай  халықаралық құқыққа сай жүрзілгені,  тек террористтерді нысанаға алғаны және босқын көшіне қарсы барлық шараның қолданылғаны атап көрсетілді.

Делегация Сирияның территория тұтастығына деген құрметті еске салып,  операцияның қатер жойылғанға дейін жалғасатынын білдірді.

НАТО одақтастары болса Түркияға қолдауын қайталап, аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілу тақырыбында мұқият болу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар