Али Кар ауылы құтқарылды
Африннің солтүстігіндегі Али Кар ауылы терроризмнен құтқарылды.
901445
Түрік Қарулы күштері Зәйтүн бұтағы операциясында Африннің солтүстігіндегі Али Кар ауылының террористтерден құтқарылғанын хабарлады.
ТҚК-нің хабарламасына қарағанда, ТҚК және Еркін Сирия армиясы жасақтары Али Кар ауылын құтқарғаннан кейін, Бүлбүл өңір орталығының солтүстігінде ауқымды жер террорлық ұйымнан тазаланды.
Зәйтүн бұтағы операциясының 12-ші күнінде Африннің 5 өңірінде 20 ауыл, бір елді мекен және стратегиялық маңызы жоғары 7 тау мен 27 пункт террорден құтқарылды.