Бүгін Зәйтүн бұтағы операциясының 12-ші күні

ТҚК-не қарасты соғыс ұшақтары Килис және Хатайға зымыран атып, PYD мен PKK түйіндерін күйретті.

900794
Бүгін Зәйтүн бұтағы операциясының 12-ші күні

ТҚК-не қарасты соғыс ұшақтары Килис және Хатайға зымыран атып, PYD мен PKK түйіндерін күйретті.

Африн қаласында террор ұйымы PYD мен PKK-ға қарсы жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясының бүгін 12-ші күні. Түркия бұл операцияны жалғастыруда.

Стратегиялық маңызға ие Бурсея тауын қолға түсіргеннен кейін Килис-Хатай шекарасындағы аймақ нысанаға алынуда.

Таңертеңгі уақыттарда аймаққа Фортуна гаубицалармен шабуыл жасалғаннан кейін аймақты соғыс ұшақтарымен бомбалады.

Түрік Қарулы Күштеріне қарасты соғыс ұшақтары Килис және Хатайға зымыран атып, PYD мен PKK түйіндерін күйретті.

Бомбалаудан кейін Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы жасақтары құрлық операциясын бастап, аймақты террор ұйымының қолынан алуды жоспарлауда.

 



Ұқсас жаңалықтар