Отандық оқ-дәрілер қолданылуда
Нуреттин Джаникли Зәйтүн бұтағы операциясында қолданылған оқ-дәрілердің отандық өнім екенін айтты.
899163

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Зәйтүн бұтағы операциясында қолданылған оқ-дәрілердің отандық өнім екенін айтты.
Джаникли әлеуметтік желіде жазған жазбасында операцияда жиі қолданылған отандық «Фыртына» гаубицаларының оқ-дәрілерінің Машина және Химия индустрия мекемесі тарапынан өндірілгенін атап көрсетті.
Рокетсан өндірген T-122 көп оқпанды реактивті артиллерияның оқ-дәрісі де министр көрсеткен мысалдар арасында.
Джаникли: «Резервтеріміз террорды тек Африннен емес, бүкіл аймақтан тазалауға жететіндей мол» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияда вирустан 297 кісі қайтыс болды
Бір күнде 318 мың 217 сынама жүргізіліп, 2 мың 845 жаңа науқас тіркелді.