Зәйтүн бұтағы операциясында 2 әскер шәйіт болды

Африн аймағына жасаған Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 484-ке ұласты.

898458
Зәйтүн бұтағы операциясында 2 әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағына жасаған Зәйтүн бұтағы операциясында 2 әскер шәйіт болды, 11 әскер жарақат алды.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде операцияның 8-ші күнінде PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ террор ұйымдары мен шыққан қақтығыста 2 әскердің шәйіт болғаны, 11 әскердің жарақат алғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Түрік қарулы күштері қолдау берген Еркін Сирия армиясынан 2 адамның шәйіт болғаны, 4 адамның да жарақат алғаны атап көрсетілді.

Операцияда PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-ке мүше 53 террористін залалсыздандырылғаны білдірілді. Түнде үздіксіз жалғасқан операцияда тағы 37 террористтің өлтірілді.

Мәлімдемеде операция басталған күннен бері залалсыздандырылған террорист санының 484-ке ұласқаны және Зәйтүн бұтағы операциясының жоспарланғандай жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде Әуе күштері қолбасшылығының операцияларында PKK/KCK/PYD-YPG және DEAŞ террор ұйымдарының баспана, үңгір, қару-жарақ қоймасы ретінде қолданған барлығы 42 нысананың жойылғаны және операцияға қатысқан 29 соғыс ұшағының базаларына оралғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар