"Түркияға қауіп төндіретіндерге мүмкіндік бермейміз"

Сыртқы істер министрі Францияның France 24 телеарнасында Африн операциясына баға берді.

896755
"Түркияға қауіп төндіретіндерге мүмкіндік бермейміз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Африн операциясына Францияның France 24 телеарнасында баға берді.

Чавушоғлу Түркияның шекарасына қауіп төндіретін террорлық ұйымдарға мүмкіндік бермейтінін айтты.

Аймақ халқының операцияға риза екенін де айтқан министр «Аймақта күрдтерді нысана алмаймыз. Біздің де күрд азаматтарымыз бар. Африндегі күрдтер,  түрікмендер мен арабтар операцияға риза» деді.

Сыртқы істер министрі Африн операциясынан кейін болуы мүмкін Манбидж операциясына да тоқталды және «Қауіп қайдан келсе,  сол жерге операция жүргіземіз» деді.

«Түркия ретінде қауіп қай жерден келсе келсін, оның алдын алуымыз керек.  Артында қандай күш тұрса тұрсын, ол бізді алаңдатпайды» деді ол.

Террорлық ұйым PKK/PYD-YPG-ге қолдау берген елдерге наразылық білдірген Чавушоғлу: «Америка Құрама Штаттары да,  Франция да PKK/PYD-YPG-нің Сириядағы Манбидж және Ракка операцияларынан кейін аймақтан кететініне уәде берді.  Бірақ ДАИш кетті, YPG әлі аймақта» деді.



Ұқсас жаңалықтар