Килиске жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты

Сириядан атылған снаряд тарихи мешiтке құлады.

896432
Килиске жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты

Сириядан атылған екі снаряд Килис қаласына құлады. Шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты.

Килис губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде снарядтардың бірінің Чалык мешітін нысанаға алғанын, шабуылда біреуі түрік, екіншісі сириялық екі адамның қаза тауып, 6 адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде жеңіл жарақат алған 5 адамның емделгені білдірілді. 

Килиске атылған снарядтардың артынан Түрік қарулы күштері террор ұйымын нысанаға алып, гаубицалармен еселеп қарсылық берді.



Ұқсас жаңалықтар