Мевлүт Чавушоғлу "Зәйтүн бұтағы операциясын" бағалады

Сыртқы істер министрі Зәйтүн бұтағы операциясының тек қана террор ұйымдарын нысанаға алғанын білдірді.

895090
Мевлүт Чавушоғлу "Зәйтүн бұтағы операциясын" бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясының күрд және араб бауырларға қарсы емес, тек қана PKK/PYD-YPG / ДАИШ террор ұйымдарына қарсы жүргізіліп жатқанын білдірді.

Министр Чавушоғлу әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Бейбіт адамдардың зардап шекпеуі үшін мұқият боламыз және қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдаймыз» деді.

Чавушоғлу «Жерімізге зымыранмен шабуылдаған террор ұйымдарына қарсы қажетті тойтарыс берілді. Афринді нағыз иелері күрд, араб және түрікмен бауырларымызға тыныштықты қамтамасыз етіп қайтарамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар