Журналистер мерекесімен құттықтады

Бүгін – 10 қаңтар қызметтегі журналистер күні.

885028
Журналистер мерекесімен құттықтады

Осы мерекеге байланысты президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман және премьер-министр Бинали Йылдырым құттықтау жариялады.

Президент Ердоған құттықтауында саяси өмірінде кейде өзінің де медиадан зиян көргеніне қарамастан,  алуан түрлі дауыс,  түрлі мәдениеттердің сөз бостандығы,  пікірлерін еркін жариялауы үшін күрескенін білдірді.

Ердоған: «Пікір еркіндігі тақырыбындағы сезімталдығымызды нашар қолданған кейбіреулер манипулияциялық хабарлармен бауырластығымызды,  мемлекетіміздің тұтастығын бұзуға тырысуда» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман да «Қате пікірсіз,  бейтараптық принцибі аясында оқиғалардан хабардар болуымызды қамдаған журналистердің технологиялық жетістіктермен бірге функцияларын түрлендіріп,  маңызын сақтап қалатынына сенемін» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса «Еркіндіктерді нашар қолданып, терроризм мен террор ұйымдарының үгіт-насихатын жүргізу, басқа елдердің арандатуын журналистика деп атау мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар