Түркия-Иран қауіпсіздік дуалының 50 пайызы аяқталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ағры мен Ығдырда құрылыс жұмыстары жалғасқан шекара қауіпсіздік дуалын тексерді.

883746
Түркия-Иран қауіпсіздік дуалының 50 пайызы аяқталды
soylu iran guvenlik duvari.jpg

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ағры мен Ығдырда құрылыс жұмыстары жалғасқан шекара қауіпсіздік дуалының 50 пайызының аяқталғанын білдірді.

Жандармерия қолбасшысы генерал Ариф Четинмен бірге Ағры және Ығдырға барған Ішкі істер министрі Түркия-Иран шекарасында құрылыс жұмыстары жалғасқан модульдік шекара қауіпсіздік дуалын тексеріп, шекара бөлімшелерін аралады.

Министр Сойлу алдымен Түркия-Иран шекарасындағы Шәйіт сержант Бекир Курт атындағы Шекара бекеті жасақтарын тексерді.

Күзету мұнарасына шығып, шекара желісін тексерген Сүлейман Сойлу кейін тікұшақпен 4-ші Шекара батальоны қолбасшылығы мен Сұлтантоп Шекара бекеті жасақтарына барып шәйіттерді еске алды.

Министр Сойлу осында айтқан сөзінде «Ағры мен Ығдырда құрылыс жұмыстары жалғасқан шекара қауіпсіздік дуалының 8 айдың ішінде 50 пайызын аяқтадық. Шекара дуалымыз аяқталған соң әрі заңсыз көш, әрі террористердің Ираннан Түркияға өтуінің алдын аламыз. Осында Иранға да алғысымызды білдіреміз. Бізге шекара құрылысында жеңілдіктер жасады. Құрылыс жұмыстары шілде немесе тамыз айында аяқталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар