Ердоған мен Макрон ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Ердоған Франция, Түркия және Италияның  EUROSAM консорциум келісіміне қол қойғанын айтты.

Ердоған мен Макрон ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Ердоған Франция, Түркия және Италияның  EUROSAM консорциум келісіміне қол қойғанын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Францияға барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция Президенті Эммануэль Макрон тарапынан Елисей сарайында салтанатты рәсіммен қарсы алынды.

Рәсімнен кейін екі лидер оңаша кездесті және делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық жасады.

Кездесуде экономика, сауда, қорғаныс өнеркәсібі, террормен күресу сынды салалардағы ынтымақтастық қолға алынды.

Ердоған мен Макрон ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Ердоған Еуропа Одағына мүшелік процесінде одақтың үнемі бір кешіктіру әдісін қолданғанын және осы процестің түрік үкіметі мен түрік халқын қатты шаршатқанын білдірді.

Ердоған Франция, Түркия, Италия үштігінің ұттық қорғаныс зымырандарының дамытылуы тақырыбында EUROSAM консорциум келісіміне қол қойғанын айтты.

Түркия ретінде террормен күресу жөнінде ДАИШ-пен күресу процестерін баяндаған Ердоған «Қазір достарымызға үн қатамын. Бірдей түрде PYD мен YPG бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның қолы болып табылады. Бұларға қарсы бірге күрес жүргізуіміз керек» деді.

Сирия тақырыбына да тоқталған Ердоған босқындарға жәрдемдерін жалғастыратынын атап өтті.

Франция Президенті Эммануэль Макрон мәлімдемесінде Палестина мәселесінде екі мемлекеттік шешім жасалуы керектігін, Сирияда болса ДАИШ-тен бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуы керектігін білдіріп, Сирияда бір жол картасы жөнінде Түркиямен бірге жұмыс істегісі келгендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар