Президент Ердоған мен Судан елбасы Хартумда бас қосты

Судан елбасы Өмер әл-Бешир Түркиямен сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын атап көрсетті.

875077
Президент Ердоған мен Судан елбасы Хартумда бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған және Судан елбасы Өмер әл-Бешир бас қала Хартумдағы елбасы сарайында бас қосты.

Әл-Бешир президент Ердоғанмен бірге тарихи сапарына қосылған ауқымды делегация арқылы екі ел арасында сауда көлемін арттыруды нысанаға алғандарын атап көрсетті.

Түркия мен Судан арасында сауда көлемін 5 жылда 10 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын атап айтқан Әл-Бешир президент Ердоған жасаған сапардың болашақта одан да жетілетін ынтымақтастықтың инфрақұрылымы екенін білдірді.

Дарфурдан бастап, Суданның көптеген мәселесінде Түркияның мықты қолдауын сезгендерін атап көрсеткен әл-Бешир елінде бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықтың жалғастығы туралы Түркия ортаға қойған талпыныс үшін президент Ердоғанға алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар