Түрік қорғаны аяқталып қалды

Қабырға толығымен көктемде аяқталады.

870795
Түрік қорғаны аяқталып қалды

Түркия мен Сирия арасындағы 911 километрлік шекара желісінің 781 километрі аяқталды.

Осы бөлім әрқайсысы 7 тонналық ені екі метр,  биіктігі үш метр модуляр бетон блоктардың бірлестірілуімен қалыптасқан қабырғамен жабылды.

Бұл қабырғаны қоғам Түрік қорғаны деп атап кеткен.  Себебі ол 8 мың 850 километрлік Қытай қорғаны және 3 мың 500 метрлік АҚШ пен Мексика арасындағы қабырғалардан кейін үшінші орында.

Қабырға толығымен көктемде аяқталады.

Заңсыз жолдармен келушілердің алдын алу мақсатымен 2015 жылы алдымен шекара желісіне орлар қазылды.  Артынан тікенді сым тартылды. Бақылау мұнараларының саны да арттырылды.



Ұқсас жаңалықтар