Өкілетті елші түрік-орыс ынтымақтастығын бағалады

"Түркия мен Ресей ортақ тарих және стратегиялық мүдделеріне бағынышты".

871527
Өкілетті елші түрік-орыс ынтымақтастығын бағалады

Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Алексей Ерхов Түркия мен Ресейдің ортақ тарих және стратегиялық мүдделеріне бағынышты екенін атап айтты.

Алексей Ерхов Түркия-Ресей ынтымақтастығының болашағы жайлы орыс агенттігі Спутникке сұхбат берді.

Орыс елші Түркия мен Ресейдің керемет бір ортақ келешекті бөлісу үшін бар мүмкіншілікке ие екенін білдірді.

Түрік және орыс ынтымақтастығының жоғары сатыда екенін атап көрсеткен өкілетті елші «Биыл Түркияға келуші турист саны рекорд жаңартты, қазір бұл сан 4.5 миллионнан асты» деді.

Түркияның орыс табиғи газ фирмасы ГазПромнан сатып алған табиғи газдың биыл 11,5 айдың ішінде 27,6 миллиард текшеметрге ұласқанын білдірген Ерхов мұның жаңа бір рекорд екенін атап көрсетті.

Екі жақты сауда көлемінің де жоғары бір қарқынмен арта түскенін білдірген орыс елші орыс табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны жобасының жылдам жалғасқанын атап айтты.

Ерхов Мерсинге салынатын Аккуйу Атом энергия станциясының да стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар