Иерусалим тақырыбы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа салынады

Калын АҚШ-тың Иерусалим тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жалғыз қалғанын айтты.

871430
Иерусалим тақырыбы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа салынады

Калын АҚШ-тың Иерусалим тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жалғыз қалғанын айтты.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімінің заңсыз екенін, бұның бейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа салынатынын айтты.

Анкарада бір симпозиумға қатысқан Калын бұл жерде жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Иерусалим тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жалғыз қалғанын айтты.

«АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Иерусалим тақырыбында вето дауыс беруін айыптаймыз» деген Калын «АҚШ әкімшілігінің әлі қателігін байқай алмауы және барша әлемнің ескертулеріне қарамастан осы қателігінен бас тартпауы алаң туғызатын бір жағдай. Бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналады және осы тақырыпты дауысқа салады. Біз де бүгін, ертең және бейсенбі күніне дейін жұмыстарымызды жалғастырамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар