"Палестина халқы астанасы Шығыс Иерусалим болған бір мемлекет құру құқығына ие"

ИЫҰ Бас хатшысы Юсуф бин Ахмед эл-Усеймин самиттің ашылу рәсімінде баяндама жасады.

867649
"Палестина халқы астанасы Шығыс Иерусалим болған бір мемлекет құру құқығына ие"

Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысы Юсуф бин Ахмед эл-Усеймин Стамбұлдағы ИЫҰ кезектен тыс саммитінің ашылу баяндамасын жасады. Усеймин саммиттің өте ерекше бір жағдаймен байланысты өткізілгенін атап көрсетті.

Иерусалимнің мұсылмандар үшін де қасиетті екенін білмегендер қабылдаған шешімдер себепті жиналғанын еске салған Усеймин АҚШ-тың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп тану шешімінің халықаралық заңдардың барлығына қарама-қайшы екеніне назар аударды.

Усеймин «Иерусалим – Палестина мемлекетінің астанасы. 1967 жылдан бері ажырамас бір бөлігі. Барлық халықаралық заңдар мұны қабылдайды. Таяу Шығыстағы тұрақтанудың іргетасы Палестина мәселесінің шешіміне сүйенеді. Өйткені Палестина халқы астанасы Шығыс Иерусалим болған бір мемлекет құру құқығына ие» деді.

Усеймин «Палестина мемлекетін тануымыз керек және халықаралық қоғамда мемлекет мәртебесін танымаған елдерге де бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін мұны жасауға тиісті екенімізді айтуымыз керек» деді.

Екі мемлекетті шешімді іске асыру үшін жұмыстарды өте мықты түрде жалғастыру керектігін тілге тиек еткен Усеймин «Иерусалим біздің жүрегіміздегі бір жара, дегенмен жалғыз өзі шешімге қол жеткізе алмайды. Бәріміз бірігіп, ынтымақтастықпен жұмыстануымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар