«Халықаралық 5-ші Медиа оқу бағдарламасы» аяқталды

Түркия Радио Теледидар мекемесі (ТРТ) Бас директоры Ибрахим Эрен гала кешінде қонақтарға үн қатты.

867261
«Халықаралық 5-ші Медиа оқу бағдарламасы» аяқталды

 

Түркия Радио Теледидар мекемесі (ТРТ) Бас директоры Ибрахим Эрен журналистиканың объективті болмау керектігін, бейтарап емес, теңдікті сақтайтын бір журналистиканы жақтағандарын білдірді.

Түркияның трансляция тәжірибесін әлеммен бөлісу мақсатты ТРТ тарапынан Анталияда ұйымдастырылған «Халықаралық 5-ші Медиа оқу бағдарламасы» (UMEP) аясында гала қонақасы берілді.

ТРТ Бас директоры Ибрахим Эрен 70 елден 162 медиа қызметкері қатысқан гала қонақасыда UMEP-тің Түркияның трансляция тәжірибесін әлеммен бөлісуді мақсат еткенін атап көрсетті.

Теледидар саласында түрік теле сериалдарының соңғы 15 жылда керемет жетілгеніне назар аударған Эрен 100-ден астам түрік теле сериалының экспортқа шыққанына назар аударды.

ТРТ-нің «Жаужүрек Ертұғрыл» (Дирилиш Эртуғрул) атты теле сериалының Түркияның трансляция тарихындағы ең үлкен рейтинг көрсеткіштеріне қол жеткізгенін атап көрсеткен Эрен «Жаужүрек Ертұғрыл 100-ден астам елге экспортталуда. Бүкіл әлемде шетелден тұтынған сериалдардың 30 пайызын түрік теле сериалдары құрайды. Бұл аса маңызды бір көрсеткіш. Неге түрік сериалдары осыншама қызықтырады? Түркия алдымен көп мәдениетті бір ел. Түркия көптеген мәдениетпен сіңісіп, өмір сүруді білген және мұны мақтан тұтатын бір ел. Әлеуметтік құрылым ретінде отбасы ұғымына мән береді, отбасы төңірегінде бір мәдениетіміз бар. Бұл да теле сериалдарымызда көрініс табады» деді.



Ұқсас жаңалықтар