Түрік әйелдері үшін ерекше күн

Себебі бүгін түрік әйелдеріне сайлау және сайлану құқығы берілгеніне 83 жыл толды.

861784
Түрік әйелдері үшін ерекше күн

5 желтоқсан Бүкіләлемдік әйел құқықтары күні түрік әйелдері үшін ерекше күн болып саналады.

Себебі бүгін түрік әйелдеріне сайлау және сайлану құқығы берілгеніне 83 жыл толды.

Республиканың құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік әйелдердің барлық салада алда болуын қалап,  басқа елдерден бұрын 1934 жылы 5 желтоқсан күні түрік әйелдеріне сайлау және сайлану құқығын берді.

Сол кезде, яғни 1934 жылы әйелдердің заңды түрде депутат болып сайлау және сайлану құқығына ие ел саны 28,  осы құқық қолданылған ел саны 17 болатын.

Түркия Республикасында әйелдерге осындай құқық берілген кезде көптеген Еуропа елінде әйелдердің бұндай құқығы жоқ еді.

 Әйелдер сайлау және сайлану құқығына Францияда 1944, Италияда 1945, Грекияда 1952, Бельгияда 1960 және Швейцарияда 1971 жылы қауышты.

Түркияда болса әйелдер 1930 жылғы 20 наурыз күні қалалық әкімшіліктерге сайлау құқығын алған еді.

1933 жылы ауылдық басшы ретінде сайлану құқығын алды. 1934 жылы болса депутат ретінде сайлау және сайлану құқығына ие болды.

1935 жылы 8 ақпан күні сайлауға қатысқан түрік әйелдері Түркия мәжілісінде 18 орынды иеленді.



Ұқсас жаңалықтар