Марқұм елшінің арманы орындалды

Клинцы қаласы мен Анталияның Демре ауданы бауырлас қала деп жарияланды.

858201
Марқұм елшінің арманы орындалды

Анкарада бір қастандықта қаза тапқан Ресейдің Түркиядағы бұрынғы өкілетті елшісі Андрей Карловтың арманы жүзеге асты.

Карловтың туған жері Ресейдің Брянск облысындағы Клинцы қаласы мен Анталияның Демре ауданы бауырлас қала деп жарияланды.

Демре ауданы муниципалитет төрағасы Сүлейман Топчу «Клинцы мен Демренің бауырлас қала болуы түрік-орыс достығы мен әлем бейбітшілігіне маңызды үлес қосады» деді.

Клинцы қала әкімі Олег Павлович ие бауырлас қала қатынасының екі үлтты жақындастыра түсетінін айтып: «Түркия мен Ресей қарым-қатынастарына экономикалық және мәдени үлес қосады» деді.

Салтанатты кеште айырықша екі қала туралы қысқа фильмдер көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар