Отандық соғыс ұшағы 2023 жылы жұмысқа қосылады

Жаникли отандық соғыс ұшағы TF X-тің 2023 жылы жұмысқа қосылатынын айтты.

856744
Отандық соғыс ұшағы 2023 жылы жұмысқа қосылады

Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Жаникли отандық соғыс ұшағы TF X-тің 2023 жылы жұмысқа қосылатынын айтты.

Жаникли премьер-министр Бинали Йылдырымның Ұлыбритания сапарына серік болу үшін Лондонға барды және бұл жерде журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Отандық соғыс ұшағы TF X-тің Түркия үшін өте маңызды екенін түсіндірген Жаникли«Мүмкіндіктердің барынша ең қысқа уақыт ішінде барлық сатыларды жүзеге асырамыз. Ешқандай кешігу болмайды. Белгілі бір уақыт бермей-ақ қояйын, бірақ қазір басты нысанымыз 2023 жылында жұмысқа қосу» деді.

Жобаның Түркияның қажеттілігіне қарай жарыққа шыққанын білдірген Жаникли көптеген елден технология трансфер алаңында қолдау алғанын, сондай-ақ Ұлыбританияның да осы аяда жобаға қосылғанын айтты.

S-400 зымыран жүйесінің де Түркияға 2019 жылы болашағын белгілейтінін білдірген Жаникли «Мәселе жоқ, жұмыс бітті. Құрметті президентіміз де айтты. Қолданылуға байланысты барлық билік бізде болады. Сондықтан НАТО үшін ешқандай бір қауіп төнбейді» деді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар