НАТО кепілдеме берді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның наразылығына себеп болған жаттығу скандалының тексеріліп жатқанын айтты.

853953
НАТО кепілдеме берді

НАТО өткен аптада Норвегияда өткен жаттығуда президент Режеп Тайып Ердоған мен Мұстафа Кемал Ататүрікті нысанаға алған оқиғаға байланысты тергеудің жалғасып жатқанын білдірді.  

«Осындай оқиға енді қайталанбайды» деп айтылды.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның наразылығына себеп болған жаттығу скандалының тексеріліп жатқанын айтты.

«Мен де осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін не істеу керектігін жоспарлап жүрмін.  Аптаның аяғында президент Ердоғанға телефон шалып,  оқиға және оқиғадан туындаған ашу үшін кешірім сұрадым. НАТО-ның Норвегиядағы оқиғаның жауаптылары жөнінде дереу қозғалысқа өткенін айттым» деді ол.

Halifax Халықаралық Қауіпсіздік форумы барысында Штаб-пәтер төрағасы, армия генералы Хулуси Акар және Еуропа Одағы министрі Өмер Челикпен кездесіп,  кешірім сұрағанын еске салған Столтенберг осындай оқиғаның қайталанбайтынына кепілдік бергенін атап көрсетті.

«Түркия Ирак пен Сирия шекарасында терроризммен күресте НАТО-ға үлкен үлес қосуда.  Сонымен бірге Ресей шекарасында Қаратеңіздегі істерімізде маңызды одақтасымыз.  Сондықтан Түркияның одаққа үлесіне көңіл бөлеміз. Осындай оқиға қайталанбайтынына сенуіміз керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар