Пәкістан премьер-министрі отандық тікұшақты сынақтан өткізді
Пәкістан премьер-министрі Аббаси отандық әскери тікұшақ «T129 ATAK»-ты Стамбұлда сынақтан өткізді.
832500
Отандық тікұшақ АТАК әлемнің ең мықтысы.
Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси отандық әскери тікұшақ «T129 ATAK»-ты Стамбұлда сынақтан өткізді.
Өзі де ұшқыш болған Аббаси сынақтың артынан жасаған мәлімдемеде «Бір ұшқыш ретінде айтатын болсам, меніңше бұл тікұшақ әлемнің ең мықты, ең ықпалды шабуыл ұшағы» деді.
ATAK тікұшақтарын 4 жылдан бері егжей-тегжейіне дейін сынақтан өткізгендерін білдірген Аббаси «Қазір келіссөз кезеңі жылдам жалғасуда. Құдай қаласа бұл тікұшақты сатып алып, ең қысқа уақытта Пәкістан Қарулы Күштерінің инвентарына енгіземіз» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияда вирустан 297 кісі қайтыс болды
Бір күнде 318 мың 217 сынама жүргізіліп, 2 мың 845 жаңа науқас тіркелді.