«Аtmaca» отандық ракетасы алғаш рет атылды

Түркияда теңіз жүйелеріндегі көптеген жүйе - отандық.

827869
«Аtmaca» отандық ракетасы алғаш рет атылды

«Аtmaca» отандық ракетасы алғаш рет атылды.

Теңіз күштері қолбасшылығы Теңіз техникалық қолбасшысы,  адмирал-майор Ахмет Чакыр: «Аtmaca» анти-кеме ракетасы деп те аталатын Atmaca снаряды сынақтан өтті.  Алдымыздағы жылы кеме платформасынан атылады» деді.

Чакыр Таяу Шығыс техникалық университетіндегі өткен 8-ші Теңіз жүйелері семинарында соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібінің шарықтағанын және халықаралық аренада маңызды актерге айналғанын айтты.

Түркияның кеме дизайн және интеграциясында сыртқа тәуелді болудан шыққанына назар аударып,  теңіз жүйелерінде көптеген технологияның отандық екенін білдірді.

Чакыр теңі жүйелерінде қол жеткізілген табыстардың отандық танк және отандық шабуылдаушы ұшақ бастамаларында маңызды рол ойнағанын айтты.

Түрік фирмалары шетелдерде кеме жобалап,  кеме жасайтын жағдайға келді. Түрік фирмалар маңызды модернизация міндеттерін де атқарып отыр.



Ұқсас жаңалықтар