"Түрік әскері Сирияда болады"

Министр "Сириядан қауіп-қатер жойылғанға дейін түрік әскері қалуы керек" деді.

824068
"Түрік әскері Сирияда болады"

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Жаникли Түрік Қарулы күштерінің Сириядан Түркияға бағытталған қауіп-қатер толығымен жойылғанға дейін осы елде қалуы керектігін айтты.

Нуреттин Жаникли Оңтүстік шығыс Еуропа Қорғаныс министрлері жиналысына қатысу мақсатымен Грузияның Батуми қаласына барды. Осында бір мектепке барған кезде Түрік Қарулы күштерінің Идлибтегі қақтығыссыз аймаққа баруына байланысты мәлімдеме жасады.

«Сириядан Түркияға бағытталған қауіп-қатер толығымен жойылғанға дейін сонда боламыз» деді ол.

Түркияның Еркін Сирия армиясына қолдау бергенін білдірген Жаникли «Біз Еркін Сирия армиясымен бірге қозғаламыз. Олар өз жерлерін өздері қорғайды.  Біз де оларға қолдау береміз» деді.

Түрік Қарулы күштері Сирияда кепілгер елдердің қарулы күштер жасақтары аясында түрік әскерлерінің 8 қазан күні қызметін бастағанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар