Виза қызметі берілмейді

Түркия АҚШ азаматтарына виза беруді тоқтатты.

822767
Виза қызметі берілмейді

Түркияның Вашингтондағы өкілетті елшілігі Америка Құрама Штаттарындағы барлық түрік миссияларында АҚШ азаматтарына бағытталған виза істерінің тоқтатылғанын мәлімдеді.

АҚШ-тағы Түрік дипломатиялық миссиясы тарапынан жасалған хабарламада мына сөздерге орын берілді: «Соңғы кездері болған оқиғалар түрік үкіметін АҚШ үкіметінің түрік миссияларының базалары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігіне байланысты уәделерін қайтадан қарауға мәжбүр қылды. Аталмыш қайта қарау үрдісінде АҚШ-тағы өкілетті елшілік және бас консулдықтарға келетін келуші санын азайту мақсатымен қазірден өтімді түрде АҚШ-тағы барлық миссияларымыздағы АҚШ азаматтарына бағытталған виза істері тоқтатылды»

Осы шешім АҚШ әкімшілігінің Түркиядағы елшілігінің виза қызметтерін тоқтатуына байланысты хабарламадан кейін қабылданды.

Осы оқиғалар АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығы қызметкері Метин Топуздың Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ тергеуі аясында «Атазаңдық тәртіпті жоюға бағытталған» қылмыстардан тұтқындалуынан кейін болды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Метин Топуз жөнінде үкімді саясат қайраткерлері,  мен немесе АҚШ Сыртқы істер министрлігі емес,  тәуелсіз сот органдары береді. Ол жөнінде айыптаулар мен айғақтар бар. Дипломатиялық міндетте болғандықтан маған хабар берілді» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар