Ердоған ертең Иранға барады

Ердоған Иран Президенті Хасан Руханидің шақыруымен ертең Иранға барады.

819246
Ердоған ертең Иранға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран Президенті Хасан Руханидің шақыруымен ертең Иранға барады.

Президент баспасөз орталығынан жасалған мәлімдеме бойынша Президент Ердоған ресми сапары аясында Иран діни лидері Аятолла Али Хаманей және Президент Хасан Руханимен кездеседі.

Сапарға орай екі ел президенттерінің басшылығында «Түркия-Иран Жоғарғы Деңгейдегі төртінші жиналысы» ұйымдастырылады.

Екі жақты қарым-қатынастар жан-жақты талқыланатын кездесулерде Ирак пен Сирияны қамтыған аймақтық және халықаралық тақырыптар қолға алынады.

Сапар арқылы тату-тәтті көршілік байланыстары, текті тарих және мәдени құндылықтарға ие Иранмен саяси диалогтың дамытылуы және ынтымақтастықтың әр салада ілгері апарылуы көзделуде. 



Ұқсас жаңалықтар