"Ресей жүйесін алу - бізді алаңдататын жағдай"

АҚШ Түркия мен Ресей арасындағы S-400 қорғаныс жүйесі келіссөзі жөнінде пікір білдірді.

805976
"Ресей жүйесін алу - бізді алаңдататын жағдай"

Америка Құрама Штаттары сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Heather Nauert Түркия мен Ресей арасындағы S-400 зымыран қорғаныс жүйесін алу жөніндегі келіссөздерге байланысты: «НАТО-ға мүше елдердің НАТО жүйелеріне үйлесімді әскери материал қолдануы маңызды» деді.

Хатшы баспасөз брифингінде бір сұраққа орай Түркия мен Ресей арасындағы S-400 қорғаныс жүйесі келіссөзі жөнінде пікір білдірді.

Nauert «НАТО-ға мүше елдердің НАТО жүйелеріне үйлесімді әскери материал қолдануы маңызды.  Ресей жүйесі егер Түркия оны алатын болса, бұл стандарттарға үйлеспейді және бұл  бізді алаңдататын жағдай» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған болса Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммиті үшін Қазақстанға барып,  қайтар жолда: «Түркия Республикасының қорғаныс өнеркәсібі немесе қорғанысына байланысты принцип және тәуелсіз шешімдерін талас қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Біз өз тәуелсіздігімізге байланысты шешімдерді өзіміз қабылдаймыз» деген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар