Түркияның Мьянмаға жасаған жәрдемдері жеткізілді

Түркияның Мьянмаға жасаған жәрдемдерінің алғашқы бөлімі жеткізілді.

802508
Түркияның Мьянмаға жасаған жәрдемдері жеткізілді

Түрік ынтымақтық және үйлестіру агенттігі ТИКА-дан  жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның талпынысы нәтижесінде Түркияның Мьянмаға жасаған жәрдемдерінің алғашқы бөлімі жеткізілді.

Жәрдемдер Ракхайн провинциясы ғимаратында жасалған рәсіммен тапсырып берілді.

Түрік ынтымақтық және үйлестіру агенттігі Мьянма офисі лауазымдары қатысқан рәсімде күріш, құрғатылған балық және киім-кешек пакеттері Мьянма Одағы үкіметі әлеуметтік қызметтер министрлігі басқармасына берілді.

Рәсімде Мьянма лауазымдары жәрдемдерге орай ТИКА қызметкерлеріне алғыс айтты.

Премьер-министрі орынбасары Хакан Чавушоғлұ осы тақырыпқа байланысты «Жәрдемдер алғашқы аялдамаға жетті. Бұдан кейін  жәрдемдер әскери тікұшақтарымен жеткізіледі» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар