Президенттік сарайда Жеңіс күніне орай қонақасы берілді

Президент Ердоған 30 тамыз Жеңіс күніне орай қонақасы берді.

799091
Президенттік сарайда Жеңіс күніне орай қонақасы берілді

Қонақасыда жасаған баяндамасында «Аймақтағы жаңалықтармен байланысты барлық ықтималдар алдымызда тұр. Террор ұйымдарын пайдалану арқылы аймақта ойнағылары келген ойынның негізгі мақсатын көреміз және мұны қабылдамаймыз» деген президент Ердоған «Түркияны террор ұйымдары арқылы қыспаққа алғысы келгендер қысқа уақыт өткен соң құрылғысы тартылған бомбамен бетпе-бет қалғандарын байқайды. ДАИШ... нысаналары ДАИШ. Міне қараңыз одақтасымыздың қару-жарақтары ДАИШ-тен табылады. Бұл қандай одақтастық екен? Бұл қандай НАТО-ның шаңырағындағы достық? Бумеранг сияқты бұл күн келіп оларды жояды» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған әсіресе Сирия мен Иракта түрік ұлты мен аймақтағы бауырларының келешегі тақырыбында ешқандай кері қадам баспайтындарын атап, «Аймақтағы жаңалықтармен байланысты барлық ықтималдар алдымызда тұр. Террор ұйымдарын пайдалану арқылы аймақта ойнағылары келген ойынның негізгі мақсатын көреміз және мұны қабылдамаймыз» деді.

«Тек қана қорғаныс өнеркәсібі саласында емес, экономика тақырыбында да қыспаққа алғылары келген тұзақтарды бұзып шығамыз» деген президент соңғы төрт жылдан бері бірінен соң бірі жасалған шабуылдарға, құрылған тұзақтарға қарамастан Түркия  экономикасының қайта өсе бастағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар