Бүгін 30 тамыз Жеңіс күнінің 95 жылдығы

Президент Режеп Тайып Ердоған Жеңіс күні бағдарламасын Анытқабірмен бастады.

798719
Бүгін 30 тамыз Жеңіс күнінің 95 жылдығы

Жеңіс күні ел көлемінде тойлануда. Анкарадағы мереке іс-шараларының алғашқы аялдамасы Аныткабір болды. Мемлекет басшылары Ататүріктің мавзолейіне гүл шоғы қойды.

Президент Ердоған Анытқабір арнайы естелік кітапшасына қол қойды.

Ердоған дәптерге жазған жолдамасында 15 шілде күнгі көтеріліс әрекетіне назар аударып, «Әзіз Ататүрік үлкен Жеңістің 95 жылдығын тағы бір рет мақтанышпен тойлап отырмыз. Ұлтазаттық соғыстың табысқа жетуінің сүйіншісі ретінде бұл жеңіс Малазгирт жеңісіне дейін созылған қиын күрестің аса маңызды бір алқасы екенін көреміз. 30 тамыз күні жеткен жеңіс күшімен республиканы құрған кезде нысанамызды жетілген өркениеттер сатысына жеткізу үшін жоспар жасаған едік. Түркия үшін сіз салған нысаналар бағытында жол картамызды жалғастырудамыз. 15 шілде күні ортаға қойылған көтерілісіміз экономика мен саяси тәуелсіздігімізге бағытталған барлық шабуылдарды жою тақырыбында тұрақтылығын ортаға қойды. Сіздің, әзіз шәйіттеріміздің және қаһарман ардагерлеріміздің біздерге аманат қалдырған бұл отанға жанымызды пида етуге дайынбыз. Алланың рақымшылығын тілеймін» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Анытқабірдегі рәсімнің артынан президенттік сарайға өтті.

Президент Ердоған бас қолбасшы ретінде 30 тамыз Жеңіс мерекесі және Түрік қарулы күштері күні құттықтауларын қабылдады.

Басқа жағынан Ердоғанды шетелдік дипломаттары және халықаралық мекемелердің өкілдеріне қоса, АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілісі Джон Басс, Ресейдің Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Алексей Ерхов, Қытайдың Анкарадағы өкілетті елшісі Ю Хангянг та бар кейбір елдердің өкілетті елшілері де 30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар