"Арамызда бірсыпыра проблема бар"

СІМ мәжілісте сұрақтарға жауап берді.

790267
"Арамызда бірсыпыра проблема бар"

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Грекия арасында Эгейде бір-бірімен қатысты бірсыпыра проблема бар екенін айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде парламенттік отырымда бір сұраққа жауап берген Чавушоғлу: «Эгейде кейбір аралшық және жартастардың кімге тиісті екені және осыған байланысты Түркия мен Грекия арасындағы халықаралық келісіммен анықталған теңіз шекарасы болмауы да проблемалардың басында орын алады» деді.

Эгей аралдарының кімге тиісті екеніне байланысты негізгі халықаралық қағидалардың 1923 Лозанна және 1947 Париж бейбітшілік келісімдері екенін еске салған министр осы келісімдердің аралдардың егемендігі және қарусыздандырылуына байланысты баптарды қамтитынын айтты.

«Сондықтан проблема Лозанна және Париж келісімдеріндегі баптардың пайымдалуына байланысты құқықтық мәселе болып саналады» деді ол.

«Баршаға мәлім,  Эгей проблемалары Грекиямен арамыздағы диалог каналдары аясында қолға алынуда.  Еліміз осы проблемалардың толығымен халықаралық құқық аясында әділ шешілуін талап етеді» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар