Түрік Сыртқы істер министрі Қытайда

"Түркия ынтымақтастықты қалайды" деді ол.

783031
Түрік Сыртқы істер министрі Қытайда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның әрі өз аймағында,  әрі халықаралық ұйымдармен жақын ынтымақтастықты қалайтынын айтты.

Чавушоғлу Түркия-Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлері ақылдасу механизмінің екінші жиналысына қатысты.

Жиналыстан кейін Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі Ван Имен бас қосқан Чавушоғлу Түркияның барлық халықаралық ұйымдармен жақсы қатынастар құруды мақсат еткенін айтты.

Ван Имен өткен баспасөз брифингінде сөз сөйлеген түрік министр Қытай сапарынан кейін Филиппиндердің бас қаласы Манилада Оңтүстік шығыс Азия елдері одағының (ASEAN) жиналысына қатысатынын білдірді.

Чавушоғлу Түркияның «Біртұтас Қытай» саясатына ең үлкен қолдау берген елдердің бірі екенін айтып: «Қытайдың қауіпсіздігін өз қауіпсіздігіміз секілді көреміз. Әрі өз елімізде,  әрі аймағымызда Қытайға бағытталған ешбір келеңсіз оқиғаға жол бермейміз» деді.

Түркия мен Қытай арасында қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың артып отырғанын білдірген министр «Саудамызды арттырамыз деген табандылығымыз бар.  Өнімдердің түрлендірілуі үшін жұмыстанудамыз. Түркиядан Қытайға егіншілік өнімдері бастаған экспортымыз артып отыр» деді.

Министр Қытайда 2018 жылдың «Түркия Туризм жылы» деп жарияланғанын еске салып,  осы аяда 2018 жылдың дайындықтарының да жүріп жатқанын тілге тиек етті.

 



Ұқсас жаңалықтар