Терроризммен күрес жалғасуда
Шырнакта 6 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді.
Шырнакта 6 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді.
Штаб-пәтердің хабарламасына қарағанда, Бейтушшебап маңында тікұшақтармен бірге жасалған операцияда 6 террорист ықпалсыз жағдайға келтірілді.
Хаккари мен Битлисте де екі террорист өздігінен берілді.
Осы арада Ішкі істер министрлігінің хабарламасында ел көлемінде соңғы бір аптада жүргізілген операцияларда 43 террористің ықпалсыз жағдайға келтірілгені білдірілді. Бұлардың 26-сы өлтірілді.
Қауіпсіздік күштерінің 1119 операциясында PKK террорлық ұйымына көмек берген 213, ДАИШ террорлық ұйымымен бай ланысы бар деп 46, Фетуллахшы террор ұйымымен күрес аясында 831, солшыл террор ұйымдарымен күрес шеңберінде 8 күдікті ұсталды.
Операцияларда 3 террорист тірілей қолға түсірілді. 14 террорист берілді.
Батман, Бингөл, Шырнак, Диярбакыр және Тунджелиде жүргізілген операцияларда террор ұйымдарының 12 баспанасы мен үңгірі, 18 жарылғыш және мина табылды.
Операцияларда сондай-ақ қолдан жарылғыш жасау үшін қолданылған 7 тонна жарылғыш материал, 41 граната, 43 қару-жарақ табылды.