Куртулмуш 15 шілде дастанын Францияда түсіндірді

Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш 15 шілде дастанын Францияда түсіндірді.

770555
Куртулмуш 15 шілде дастанын Францияда түсіндірді

Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш 15 шілде дастанын Францияда түсіндірді.

Еуропа түрік демократтар одағының Страсбургта ұйымдастырылған бағдарламада баяндама жасаған Куртулмуш «15 шілде күні түнде түрік халқы ең үлкен опасыздық әрекеттерге душар болды. Бұл түрік тарихының ең үлкен опасыздық оқиғасының бірі болып табылады. 15 шілде күні түнде Түркияның бірлігін қорғау шәйіттеріміз жанын беріп, қанын төкті. Сол қара түнек түнді халқымыз жарқыратты» деді.

Түрік халқының 15 шілде күнін әсте ұмытпайтынын айтқан Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымының және сыбайластарының зымиян әрекеттеріне қарсы сезгір болу жөнінде үндеу тастады.

Куртулмуш 15 шілде бағдарламаларына рұқсат бермеген кейбір Еуропа Одағы елдерін сынға тартты.

Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымымен күресуді табанды түрде жалғастыратынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар