Ердоған өнерпаздар мен спортшыларға ауызашар берді
Ердоған «Мәдениет және моралдық ибаға сыймайтын бір спорттың болашағы болмайды» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге Стамбул Тарабия сарайында өнерпаздар мен спортшыларға ауызашар берді.
Мәдениетті, өнерді, спортты белгілі топтың қолына тапсырып берудің мемлекетке ешқандай пайдасы тимейтінін білдірген Ердоған «Түркияның күші мен деңгейін мәдениет, көркемөнер және спорт саласындағы орнымен салыстырғанда үйлесімді емес. Мәдениет және моралдық ибаға сыймайтын бір спорттың болашағы да болмайды» деді.
Мемлекеттің мәдениетте, көркемөнерде, спортта басқарушы емес, қолдаған, ынталандырған бір орында болуы керектігін түсіндірген Президент принцип ретінде өнерпаздардың мемлекеттің қызметкері болуына оң қарамағанын, алайда барлық өнерпаздардың өз жұмыстарын дұрыс істегендерін жөн көретінін айтты.
Спортшы мен өнерпаздардың қауымға үлгі болулары керектігін баяндаған Президент «Осы жауапкершіліктерді орындамағандар тек өзіне ғана емес, ұлтымызға да зиянын тигізуде» деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар

Түркевинде қонақасы берілді
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде қонақасы берілді.