Куртулмуш маңызды мәлімдеме жасады

Нуман Куртулмуш күн тәртіпке байланысты тақырыпты түсіндірді.

746582
Куртулмуш маңызды мәлімдеме жасады

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Катармен байланысты кейбір араб елдері арасындағы дағдарыстың үлкейместен шешілуі керектігін білдірді.

Премьер-министр орынбасары Куртулмуш Министрлер Кеңесі жиналысынан кейін жасаған мәлімдемеде күн тәртіпке байланысты тақырыпты түсіндірді.

7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтату  шешіміне тоқталған Куртулмуш «Маңызды бір дағдарыс сынды байқалуда. Аймақта тіпті үлкен дағдарыстың болуыма керек, Түркия болып осы мәселенің шешілуі үшін қолынан келгенін істейді. Мәселені дипломатиялық және диалог жолдармен шешкенді жөн көреміз. Осы тақырыпта Катармен де байланыс жасаудамыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның екі жақты кездесу өткізіп, талпыныс көрсеткенін білдірген Куртулмуш «Құрметті Президентіміз Ислам ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы ретінде бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті» деген сөздер қолданды.

Германияның Аданада орын алған Инжирлик базасындағы әскерлерді зиярат ету талабына байланысты Куртулмуш «Инжиклик базасынан шегіну немесе шегінбеу шешімін Германия өзі береді» деді. 



Ұқсас жаңалықтар