Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Анкарада жиналды

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың YPG-ге қару жәрдеміне наразылық көрсетті.

743505
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Анкарада жиналды

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың Ракка операциясы аясында ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG-ге қару жәрдеміне наразылық көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында президенттік сарайда жүзеге асқан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы 4,5 сағатқа жалғасты.

Жиналыстың артынан жарияланған декларацияда «Түркия күткен нәрселер назарға алынбай, Сирия демократиялық күштер маскасы астында лаңкестіктерін жалғастырған PKK/PYD-YPG террор ұйымдарына берілген қолдау саясатының достық және одақтастықпен ұйқаспағанын білдіреміз» делінді.

Кеңес мәлімдемесінде «ДАИШ-пен күрес аясында біз жасаған барлық ескертулерге қарамастан кейбір террористтердің әртүрлі елдерде лаңкестіктер жасай алатынын назарға алу керектігін меңзедік. Террормен күрес тақырыбында маңызды тәжірибелер жинақтаған Түркиямен стратегиялық ынтымақтастық жасалуы халықаралық қоғамның мүддесіне екені атап көрсетіледі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар