Түрік қарулы күштері террор ұйымына ауыр соққы берді

Соңғы 10 күннің ішінде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық 93 террорист өлтірілді.

736514
Түрік қарулы күштері террор ұйымына ауыр соққы берді

Түрік Қарулы Күштерінің соңғы 10 күннің ішіндегі операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық 93 террорист өлтірілді.

Террор ұйымының көктем мен жазғы дайындықтарына тосқауыл болу үшін басталған операциялар үздіксіз жалғасуда.

Бұл аяда террор ұйымының баспаналары мен ел көлеміндегі бағыттары ретінде Хаккари, Шырнак, Сиирт, Диярбакыр, Батман, Тунджели сияқты аймақтарда операциялар жүзеге асырды.

Операцияларда террористтер пайдаланған 71 баспана мен үңгір жойылып, көптеген жарылғыш материал қолға түсті.

Шекаралардан заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 8 мың 755 адам да ұсталды.

Қауіпсіздік күштері жылдың басынан бері жасаған 4 мың 786 операцияда 316 террористтің өлтірілгенін, алтысының жаралы, 133 террористтің болса берілгенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар