"ДАИШ мұсылмандардың өкілі емес"

Генерал Акар Афиныда 11-ші Балқан елдері Штаб-пәтер басшылары конференциясына қатысты.

729954
"ДАИШ мұсылмандардың өкілі емес"

Штаб-пәтер басшысы,  армия генералы Хулуси Акар ДАИШ террор ұйымының мұсылмандар мен Исламның өкілі еместігін айтты.

Генерал Акар Грекияның бас қаласы Афиныда өткен 11-ші Балқан елдері Штаб-пәтер басшылары конференциясына қатысты.

Терроризммен күресте мемлекеттер және халықаралық мекемелердің бірге қозғалуы керектігін атап көрсеткен генерал: «Террорлық ұйымдарды бөле жару үлкен қате. Мұның ең нақты мысалы Сирия дағдарысында болды. 2011 жылы наурыз айында басталған дағдарыс жөнінде біз анықтаған қауіптер мен оларға қарсы қолданылатын шаралар одақтастарға жеткізілген кезде,  қажетті қадамдар басылмады» деді.

«Осы күресте «Евфрат қалқаны» операциясы барысында және Башикада ДАИШ террор ұйымының 3 мыңнан астам содыры өлтірілді. ДАИШ ешқашан мұсылмандардың өкілі болмайды» деді генерал Акар.

 



Ұқсас жаңалықтар