Түрік Қарулы күштерінің операциясы

Операцияларда бүгінге дейінгі ең көп оқ-дәрі мен қару-жарақ қолға түсті.

729417
Түрік Қарулы күштерінің операциясы

Түрік Қарулы күштерінің Шырнактағы «Шейіт жандармерия майоры Ахмет Караман-2» операциясында 35 мың автоматты мылтық пен 14700 Калашников оқ-дәрісі табылды.

Инджебел таулары Като аймағында 19 сәуір күні басталған операцияларда бүгінге дейінгі ең көп оқ-дәрі мен қару-жарақ қолға түсті. Операция аймағында террорлық ұйымның 26 үңгірі табылды. Үңгірлер өте терең және ұзын,  сонымен бірге көп бөлмелі болғандықтан, тінту жұмыстары мұқият жүргізілді.

Тінту болған соңғы үңгірде 35 мың мылтық пен 14700 Калашников оқ-дәрісі табылды.

Айырықша 16 дана түрлі қару, 350 анти ұшақ оқ-дәрісі, 26 миномет, 100 снаряд тұмсығы, 3 танкқа қарсы мина және қолдан жасалған жарылғыштар табылды.



Ұқсас жаңалықтар